Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 18 қаңтары күні «Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы Департаментінің маманымен дөңгелек үстел өткізілді. 

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Аталған шара жеке құрам арасында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Н.М.Ихсангалиев құқықбұзушылардың көбінің аталмыш қылмысты жасау кезінде өзінің жазаланбайтынын сезгендіктен өз міндеттерін атқару кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланатыны себепті заңдылықтың сақталуына мән бөлді. Осындай құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жыл сайын, әсіресе  мемлекеттік қызметшілер арасында артуда. Сондықтан заң талаптарын қатаң сақтап және осындай заңсыз іс-әрекеттердің кез-келген көрінісін түбірімен құрту қажет.

Жеке құрамға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қызметкерлер шараға белсене қатысып сұрақтарын қойды және оған толық жауап алды.